Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда жолаушылар мен жүк таситын вагондар паркі жаңартылады

Қазақстанда 1100-ден астам жүк вагонын сатып алу үшін субсидия бөлінетін болды. Бұл отандық фитингтік платформалар паркін 15%-дан артық жоғарылатуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Астана қаласы22 Қараша , 13:47

Министрлік 2016 жылы 11 қазанда вагондарды сатып алуды несиелеуге және оларды қаржыландыру лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға құжаттар қабылдау басталғанын жариялады және үш ұйымнан жалпы соммасы 720 млн. теңгеге өтініш қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген өтініштер бойынша арнайы құрылған комиссия шешімімен займ/қаржы лизингі шартының мерзімі аяқталғанға дейін вагондарды (контейнерлерді) сатып алуды несиелеу және қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы шарт жасасу туралы шешім қабылданды.

Өндірістік циклде шамамен 7 мың адам тартылатын  қазақстандық өндірушінің жалпы 1132 фитингтік жүк платформасын (контейнерлерді тасымалдау үшін вагондар) сатып алуын субсидиялау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін 45 жолаушылар вагонын сатып алуды субсидиялау жоспарланып отыр.

«Биыл 7 қарашада әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын несиелеуге және оларды қаржыландыру лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға құжаттарды қабылдау аяқталды», - делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 9 сәуірде күшіне енуіне байланысты, министрлік вагондарды сатып алуды несиелеуге және оларды қаржыландыру лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды бірінші рет жүзеге асырып отыр.

Еске сала кетейік, аталған шаралар теміржол вагондарын, соның ішінде отандық өндірушілерден сатып алу үшін қаржының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.




Яндекс.Метрика