Энергетика

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2017 жылы 80 млн тоннаға дейін артады

Қазақстанда 2016 жылдың 10 айы ішінде мұнай өндіру 63,8 млн.тоннаны құрады, бұл 2016 жыл жоспарының 101,4% құрайды немесе 2015 жылдың ұқсас мерзімінің 97,13% құрайды.
Астана қаласы22 Қараша , 10:16

2017 жылы мұнай өндіру көлемін 80 миллион тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай жылына 102 миллион тоннаға дейін өсіру жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 11,9 млн.тонна мұнай өңделді, бұл 2016 жыл жоспарының 102,1% (2015 жылдың ұқсас кезеңіне 99,6%) құрайды.

Жанар-жағармай материалдарына тапшылықты болдырмай мақсатында, сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттарында алдын ала жоспарланған жұмыстардың мерзімін қысқарту үшін бірқатар шаралар жүргізілді.Соның арқасында мұнай өңдеу көлемі осы жылы 14-ден 14,15 млн.тоннаға артты. Жанар-жағармай материалдарына ішкі нарықтың қажеттілігін толтыру үшін 2020 жылға қарай 15,8 млн.тонна көлеміндегі өңдеу жеткілікті болып табылады.

«Мұнай өңдеу зауыттарын жаңартудан өткізген соң, 2018 жылдан бастап түсті мұнай өнімдерін өндіру көлемі артады және сол себепті ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі жойылады», - делінген хабарламада.

2018 жылдан бастап, түсті мұнай өнімдерінің арту көлемі: бензин 1998 мың тоннадан 5521 мың тоннаға дейін, дизель отыны 3993 мың тоннадан 4793 тоннаға дейін және авиаотын 288 мың тоннадан 910 мың тоннаға дейін, ал мазут өндіру 3,221-дан 1,902 млн. тоннаға дейін азаяды.




Яндекс.Метрика