EXPO-2017

Чехия ЭКСПО-2017» көрмесінде өзінің ең жаңа технологияларын ұсынбақ

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовтың Чехияның өңірлік даму министрі Карла Шлехтовамен кездесуі өтті.
Астана қаласы 22 Қараша, 09:57

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ хабарлағандай, кездесуде тараптар Чехия Республикасының ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын талқылады.

Кездесу барысында А.Есімов Чехия делегациясын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындықтың қорытынды кезеңі туралы хабардар етті.

«Біздің Көрмеде Чехия елі өзінің баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы мықты дүниелерін көрсететіндігіне  қуаныштымыз. Бұл біздің елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтатындығына және екі ел үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтетіндігіне сенемін», - деді Ахметжан Есімов.

«Көрме арқылы Қазақстан әлемдегі аса маңызды мәселелердің бірін – баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесін көтеріп отыр. Біз өзіміздің осы бағыттағы ең жаңа технологияларымызбен таныстырамыз. Біздің министрлік осы мәселемен айналысуда. Біз көрмеге мейлінше дайындылап жатырмын. 2017 жылы біз Көрме аумағында Чехия Республикасының Ұлттық күнін өткізетін боламыз», - деп атап көрсетті министр.

Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрлігінің деректері бойынша, Чехиядағы жаңартылатын энергия көздерінің даму үлесі 13% құрайды. Чехия Республикасына ауданы 292,5 шаршы метр жеке павильон бөлінді.

Бүгінгі күнге Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатынасатындықтарын 106 ел растады, 101 ел өз комиссарларын тағайындады, 90 ел көрмеге қатысу шартына қол қойды.

Естеріңізге сала кетелік, Астана қаласында халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге 2 миллионнан аса адам келеді және көрмеге келу саны 5 миллиондай болады деп күтілуде.





Яндекс.Метрика