Халықаралық интеграция

Қазақстан әлемнің 118 еліне 970 тауар экспорттайды

Қазақстандық кәсіпкерлер әлемнің 118 еліне 970 тауар экспорттайды. Бұл жөнінде ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 3-4 қазақстандық экспорттық бренд жасау және өткізу атты 56-қадамын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы21 Қараша , 20:21

«Жалпы алғанда, біз әлемнің 118 еліне 970 тауар экспорттаймыз. Жылына 200 мыңға жуық экспорттық операцияны жүзеге асырамыз. 1800 қазақстандық экспорттаушы жұмыс істейді», - деді Т. Нұрашев.

Баспасөз конференциясына «Талдау орталығы» ЖШС бас директоры Қайрат Сәдуақасов және «Kaznext invest» АҚ экспортты ілгерілету департаментінің директоры Айсәуле Сұлтанмұратова қатысты.

Баспасөз конференциясында Тимур Нұрашев атап өткендей, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенінде «Qazaq Organic Food», «Халал», «Ет бренді» сияқты брендтер әзірленген.

«Үш бренд те стратегиялық маңызды және олар белгілі бір нарықтарға бағдарланған. Осы жоба отандық азық-түлік тауарларының экспортына қосымша серпін беретініне сенімдімін», - деді Т. Нұрашев.

Еске сала кетейік, Қазақстан әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады және 50 ірі экспорттаушы елдің қатарына кіреді. Әлемде Қазақстанды уран, ұн, бидай жеткізуші ретінде біледі. 




Яндекс.Метрика