Қазақстанның Тәуелсіздігі

Д.Назарбаева: Тәуелсіздік жылдары ішінде ҚР-да балалар үйлерінің саны 2 есе қысқарған

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда балалар үйлерінің саны 2 есеге қысқарған. Алайда, елімізде балалар үйі мүлдем болмауы керек, деді ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Балаға мейірлі Қазақстан» атты халықаралық конференция барысында.
Астана қаласы21 Қараша , 16:58

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың саны 2 есеге қысқарған. Сондай-ақ, балалар үйінің саны 2 есеге азайды. Алайда осы салада шешімін таппаған мәселелер бар. Елімізде балалар үйі мүлдем болмауы керек», - деп атап өтті Д. Назарбаева. 

Сондай-ақ, конференцияда елімізде 18-ге толмаған балалардың саны – 5,5 млн, ол жалпы халықтың үштен бір бөлігін құрайтыны туралы айтылды. Қазіргі таңда Қазақстан балалары білім деңгейі және интеллект жағынан халықаралық рейтингте 12-ші орында.

«Осы жылы біз ЮНИСЕФ балалар қорының 70 жылдығын және республикамыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осы қорға балалардың проблемаларын шешуге көмектесу үшін қабылдап жатқан шаралары үшін алғыс айтқым келеді. Біз осы жемісті ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз», - деп қорытты спикер.




Яндекс.Метрика