Парламент

Алдағы 4 жылда Қазақстанның 6 облысында газ өткізіледі

Алдағы 4 жылда Қазақстанның 6 облысының 84 елді мекенінде газ өткізіледі, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі үкімет сағатында.
Астана қаласы21 Қараша , 16:34

«Еліміздің газ саласы үшін негізгі міндет халықты газдандыру болып табылады. Газдандырудың бас схемасына сәйкес, 2030 жылға дейін ел аумағын қамту 56%-ға жетеді, бүгінгі таңда ол 43%-ын қамтиды. Жалпы, 10 жыл ішінде 215 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Республикада 1198 елді мекен газдандырылды», - деп ақпараттандырды Қ. Бозымбаев.

Министрдің айтуы бойынша, газ тұтыну 2010 жылғы 9 млрд-тан 12 млрд-қа дейін өскен.

2016-2020 жылдары еліміздің 6 облысындағы 84 елді мекен газдандырылады», -  деп атап өтті министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика