Парламент

Қазақстан жыл соңына дейін 100 млн тоннаға жуық мұнай экспорттайды (ФОТО)

Қазақстанның мұнай-көлік бағдарларын әртараптандыру жыл соңына дейін 100 млн тоннаға жуық мұнай экспорттауға мүмкіндік береді, деді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі үкімет сағатында.
Астана қаласы 21 Қараша, 16:18

«Мұнай-көлік бағдарларын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс экспорттың техникалық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Каспий құбыр өткізу консорциумының өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жобаның іске асырылуы аяқталуда. Механикалық аяқтау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда», - деді Қ.Бозымбаев.

Министрдің айтуы бойынша, ел экспортының техникалық мүмкіндігі жыл соңына дейін 100 млн тоннаға жуық құрайды.

Министрдің мәлімдеуінше, осы қуаттылықтар келесі жылы мұнай экспортының қажетті көлемін қамтамасыз етеді.

Ботагөз Айтжанова

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика