Өңірлер

БҚО-да 103,3 млн теңгеге су өткізу жүйесін қайта құру жүргізілуде

Батыс Қазақстанда Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Аңқаты өзені су қоймасының су өткізгіш жүйесі құрылысын жөндеу жүргізілуде, осы жұмыстарға 103,3 млн теңге бөлінді.
Астана қаласы21 Қараша , 19:13

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Шолақаңқаты ауылдық округі, Тоғанас ауылы маңында орналасқан су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бірнеше жыл техникалық күтім көрмеген су қоймасы соңғы жылдары толықтай істен шыққан. Ағымдағы жылы бөгетті жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, бөгетті қалпына келтіруге 103,3 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда су қоймасына 6,5 миллион текше метр су жиналып, ауыл іргесіндегі шабындықтар мен жайылымға көл суына қарық болмақ. Бөлінген қаражатқа орай мердігер компания бөгет құрылысын жөндеу жұмысын келер жылы жалғастырады.

Бұдан соң өңір басшысы ауданның Қособа, Бұлан және Жымпиты ауылдық округтерінде орналасқан Өлеңті көлдетіп суармалы жүйесінің құрылыс учаскесіне барды. Бұл аймақтағы су өткізгіш бөгет 1935 жылы салынған. Бөгеттің жобалық-сметалық құжаттамасының құны – 108,7 миллион теңге. Ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген 18 миллион теңге қаражат толығымен игерілген. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмысы келер жылы жүргізіледі.

Ал, Қособа ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп те биыл күрделі жөндеуден өткен. 1983 жылы пайдалануға берілген білім ошағының жалпы аумағы 2573,8 шаршы метрді құрайды. Ғимараты жаңарып, жасанған мектепте күні бүгін 125 оқушы білім алуда.

       




Яндекс.Метрика