Халықаралық интеграция

Мәжіліс Төрағасы Чехияның Сыртқы істер Министрі Любомир Заоралекпен кездесті

Парламентте Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Чехия Республикасының Сыртқы Істер Министрі Любомир Заоралекпен кездесті.
Астана қаласы 21 Қараша, 16:43

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын мәртебелі мейманмен кездесу осы уақытқа дейін қол жеткізілген екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін қолдауға мүдделіліктің белгісі және қос ел Президенттерінің келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Тараптар дипломатилық қатынас орнаған 23 жыл ішіндегі жетістіктерді одан әрі нығайту керектігін сөз ете келіп, басым бағыттар қатарында ауылшаруашылығы, машина құрылысы, энергетика, туризм салаларына баса назар аударды.

Н. Нығматулин атап өткендей, чехиялық тараптың «ЭКСПО - 2017» көрмесіне қатысуы «жасыл технология» саласында инновациялық жетістіктер бойынша тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Министр мырза сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық ынтымақтастықты күшейту жайын сөз етті. Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ аясында халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік желісін құру бастамасы аса маңызды болмақ.

Осы ретте тараптар парламенттік байланыстың маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.

Парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Чехия Парламент депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачекке Қазақстанға ресми сапармен келу шақыруын жолдады.





Яндекс.Метрика