Қазақстанның Тәуелсіздігі

ОҚО экономикасына 25 жыл ішінде 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған

Тәуелсіздік жылдары ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына 3 трлн 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Южно-Казахстанская область21 Қараша , 18:04

25 жыл ішінде облыста 347 денсаулық сақтау объектісі, 491 мектеп, 1 491 балабақша пайдалануға берілген. Өнеркәсіптік өнім көлемі - 24,1 млрд теңгеден 670,4 млрд теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығында 20 млрд теңгеден 426,9 млрд теңгеге дейін өскен.

«25 жыл ішінде халық саны 1,8 млн адамнан 2,8 млн адамға дейін 1 000 000 адамға ұлғайған», - делінген хабарламада.

2001 жылы ел бюджеті 505 млрд теңгені құраған, ал бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 550 млрд теңгені құрайды. 




Яндекс.Метрика