Өңірлер

Жамбыл облысында ІҚМ саны 12,2 мың басқа көбейді

Жамбыл облысында ІҚМ саны 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2 мың басқа көбейді
Жамбыл22 Қараша , 09:34

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 159297,8 млн. теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге 104%-ды құрады.

Оның ішінде мал шаруашылығы – 73311,2 млн. теңге немесе 101,7%, өсімдік шаруашылығы – 85470,9 млн. теңге немесе 106,1%, қызметтер 515,7 млн. теңге немесе 100% болып қалыптасты. 
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны 12,2 мың басқа (3,6%-ға), жылқы 4,4 мың басқа (4,3%-ға), қой мен ешкі 61,5 мың басқа (2,2%-ға), түйе 169 басқа (2,8%-ға) көбейді. Мал басының өсуіне негізінен халық және фермер шаруашылығының есебінен қол жетті.

Мүйізді ірі қара мал санының ең көбі Мойынқұм ауданында – 11,5%-ға, Қордайда – 10,6%-ға, жылқы санының ең көбі Мойынқұмда – 30,4%-ға, Жамбылда – 6,6%-ға, Т.Рысқұлов ауданында – 5,2%-ға, қой мен ешкі Тараз қаласында – 10,2%-ға, Таласта – 6,6%-ға, Мойынқұмда 6,5%-ға, түйе Т.Рысқұлов ауданында - 59%-ға, Байзақ ауданында – 6,4%-ға өсті. 
Ет өндіру көлемі 2015 жылғы қаңтар-шілдедегімен салыстырғанда 2,2%-ға артты. Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне Меркі (21,3%-ға) және Қордай ауданының (3,9%-ға) шаруашылықтары қол жеткізді.




Яндекс.Метрика