Атаулы әлеуметтік қолдау

Ақмола облысында балалар үйінің 28 тәрбиеленушісі пәтер кілттеріне ие болды

Ақмола облысында балалар үйінің 28 тәрбиеленушісі жаңа пәтер кілттеріне ие болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола09 Желтоксан , 17:30

«Кілттерді салтанатты табыстау рәсімі Щучинск қаласының 6 қабаттық жаңа тұрғын үйінде өтті. Бурабай ауданында балалар үйінің 28 тәрбиеленушісі қуанышқа ие болды», - делінген хабарламада.

Айтылғандай, жаңа баспана барлық қажеттіліктерге жауап береді. Жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Бурабай ауданында жыл соңына дейін 30 пәтерді ұсыну жоспарланып отыр. Ауданда осы категория бойынша 130 адам кезекте тұр.

 



Яндекс.Метрика