Өңірлер

Жамбыл облысынан 848 млн доллардың өнімі экспортталды

Жамбыл облысынан экспорт 848 млн 279 мың АҚШ долларын құрады, бұл өз кезегінде жалпы тауар айналымы көлемінің 73,3% құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл21 Қараша , 20:43


2016 жылғы 9 айдағы экспорт 848 млн 279 мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 73,3%, жалпы салмағы 1 млн.93 мың 99 тоннаны құрады.
2016 жылғы 9 айдағы Сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 156 млн. 576 мың АҚШ долларын құраған.
2016 жылғы 9 айда Департаменттің Сыртқы сауда айналымы 2015 жылғы кезеңімен салыстырғанда 309 млн. 642 мың АҚШ долларына немесе - 21% төмендеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жалпы көлеміне шаққандағы Сыртқы сауда айналымының үлесі 3,3% құрады.
2016 жылғы 9 айдағы экспорт 848 млн 279мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 73,3%, жалпы салмағы 1 млн.93 мың 99 тоннаны құрады.2016 жылғы 9 айдағы импорт 308 млн 297 мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлеміне шаққанда 26,7%, жалпы салмағы 363 мың 954 тоннаны құрады.
2016 жылғы 9 айдағы кедендік транзит кеден рәсімі бойынша ресімделген тауарлардың көлемі 5 мың 130 тоннаны құрады.
Импорттың негізгі тауар құрылымы есепті кезеңде келесідей болды:2016 жылғы Импорт: азық-түлік тауарлары 40,6% (олардың ішінде 89% шикі қамысты қант), машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аппараттар 28,1%, тоқыма мен тоқыма өнімдері 4,1%, химиялық өнеркәсіп өнімі 3,6%, аяқ киім 2,9%.
2016 жылғы Экспорт:химиялық өнеркәсіп өнімі 94,6%, минералдық өнім 3,6%, металдар мен олардан жасалған өнімдер 0,8%, азық-түлік тауарлар 0,6%,машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аппараттар 0,4%, былғары шикізаты 0,1% құраған.

 




Яндекс.Метрика