Энергетика

Қ.Бозымбаев: Қашаған мұнайды коммерциялық өндіруге шықты

Ағымдағы жылғы 1 қарашада Қашаған кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталды, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.
Астана қаласы21 Қараша , 15:36

«2016 жылғы 28 қыркүйекте Қашаған кен орнында мұнай өндіру жаңартылды. 14 қазанда тауарлық мұнайдың бірінші партиясы тиелді, сондай-ақ «Интер Газ Орталық Азия» газ құбыры жүйесіне тауарлық газды жеткізу жүзеге асырылды. Ағымдағы жылғы 1 қарашада Қашаған коммерциялық өндіру деңгейіне шықты», - деп хабарлады министр.

Оның айтуы бойынша, коммерциялық өндіруді бастау туралы тиісті растау 17 қарашада оператормен келісілген.

«Осы жағдайды пайдалана отырып, коммерциялық өндіру және кен орнының ашылуы жүзеге асырылғанын жариялай аламын. Ағымдағы жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша 450 мың тоннадан астам мұнай өндірілді», - деп қосты Қ. Бозымбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика