Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР Президенті: Қазақстанда заң алдында барлығының бірдей болуы қағидаты сақталуда

Қазақстанда заң алдында барлығының бірдей болуы қағидаты сақталуда, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.
Астана қаласы21 Қараша , 15:27

«Қазіргі уақытта біз жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында министрлер, облыс әкімдері жауапқа тартылып, сотталды. Бұл заң алдында барлығының бірдей болуы қағидатының сақталып келетінін дәлелдейді. Заң алдында барлығы бірдей болуы тиіс», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

«Заңдылықты қорғайтын судья заңды бұзбауы тиіс. Себебі мұндай проблема орын алған жағдайда ол мемлекеттің барлық сот билігінің беделін түсіреді», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы адамзат қоғамының өмірі дауларсыз және даулы жағдайларсыз мүмкін емес екенін де еске салды.

«Судья қоғамдағы қарама-қайшылықтарды жоюға, адами қарым-қатынастарды үйлестіруге, азаматтардың өмірін тұрақты етуге арналған тұлға», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика