Өңірлер

СҚО мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 45,1 млн теңге төленді

Солтүстік Қазақстанда ағымдағы жылғы 10 ай ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала және АӨК мамандарына 45,1 млн теңге көтерме ақы төленді, деп хабарлады облыстың экономика басқармасының басшысы Әрсен Қазбеков әкімдікте өткен аппараттық жиналыс барысында.
Солтүстік Қазақстан21 Қараша , 18:51

«Ағымдағы жылғы 10 ай ішінде аудандардың деректері бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала және АӨК саласының 304 маманына 45,1 млн теңге көтерме ақы төленген. Оның ішінде: 218 педагог, 57 денсаулық сақтау маманы, 10 — агроөнеркәсіп кешені, 8 — спорт, 7 — мәдениет және 4  - әлеуметтік қамтамасыз ету», — деді Ә. Қазбеков.

Осы ретте, Ақжар ауданында оң динамика байқалады. Жоспарланған 32 маманның орнына іс жүзінде 52 маман тартылған. Ол үшін аудандық бюджеттен қосымша 2,9 млн теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 121 000 астам адам тегін дәрілік препараттар алуда. Облыста жыл сайын жедел жәрдемді 150 000 астам шақыру тіркелген, оның ішінде 29%-ы — созылмалы аурулардың асқынуы себебі бойынша. 




Яндекс.Метрика