EXPO-2017

Астана – Байқоңыр бағдары ЭКСПО-2017 қонақтары үшін ашық болады (ФОТО)

Салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығы аумағында алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарлануда, деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Марат Нұрғожин «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2016» халықаралық семинары барысында.
Астана қаласы 21 Қараша, 15:17

«Біз бюджеттік емес инвестициялар аясында Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының екінші кезеңін іске асыруға кірістік. Ол кіріктіріп салынған үй-жайлары, паркингі, балабақшасы, сауда-ойын-сауық кешені бар тұрғын үй кешенін қамтиды», - деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Марат Нұрғожин.

Ол ҰҒО аумағында көрме мұражай аймағын құру, сондай-ақ алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол ҰҒО заманауи ғарыш технологияларын дамыту орталығына айналатынын және оның мемлекеттік деңгейде қолдау тапқанын атап өтті. М. Нұрғожиннің айтуы бойынша, қазір инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 





Яндекс.Метрика