Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда Судьялардың әдеп кодексi қабылданды

Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезінде Қазақстан судьяларының әдеп кодексi қабылданды.
Астана қаласы21 Қараша , 14:19

Жаңа кодекс «Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып дайындалған. Әдеп кодексі судьялардың тәуелсіздігін, объективтілігін, адалдығы мен теңдігін, әдеп нормаларын сақтауын, құзыреттілігі мен ұқыптылығын одан әрі арттыра түседі деп көзделген.

Кодекс Еуропа Кеңесінің венециандық комиссиясының мақұлдауынан өттi. Оның мәтіні Жоғарғы Соттың порталында орналастырылып, талқыға ұсынылған болатын. Ақпан айында жоба Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес отырысында қаралып, қолдау тапты.

Съезде айтылғандай, күнделікті жұмыста Жоғарғы Сот және ҚР Судьялар одағы судьялардың мінез-құлық әдеп қағидасын ұстануына көп көңіл бөледі. Барлық облыстарда судьялардың әдебі бойынша комиссиялар белсенді жұмыс атқаруда, судья лауазымдарына кадрларды іріктеуге қоғам өкілдері тартылады. Басшы лауазымға тағайындау кезінде үміткердің моральдық-әдеп қасиеттеріне үлкен көңіл бөлінеді.+

Кодексте белгіленген қағидаттар мен қағидалар атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық судьялар үшін, сондай-ақ орындарынан түскен судьялар үшін де міндетті болып табылады.

Айта кетейiк, судьялар әдебінің бірінші кодексі 1996 жылы өткен бірінші съезде қабылданған болатын. Ол барлығы 7 баптан тұрды және судья әдебiнiң көптеген аспектілерін қамтыған жоқ. Нәтижесінде судьялардың үшінші съезінде кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Қазіргі қолданыстағы кодекс бесінші съезде 2009 жылы қабылданған.

 




Яндекс.Метрика