Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Назарбаев: Қалған реформалардың сәттілігі заң үстемдігіне байланысты

Заң үстемдігі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізгі бағыты болып табылады, қалған 4 реформаның сәттілігі осыған байланысты. Ұлт жоспарының толық іске асырылуы Қазақстан азаматтарының соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауының түбегейлі жақсаруына әкелуі тиіс, қоғам қазақстандық заң бұлжытпай орындалатынын, ал соттар заңдылық пен әділдікті қорғайтынын білуі тиіс, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.
Астана қаласы21 Қараша , 14:16

«Біз қалған төрт реформаның сәттілігі оған тәуелді болатын заң үстемдігі сияқты негізгі бағыт бойынша Ұлт жоспарының іске асырылуын жіберіп алмауымыз қажет», - деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, соттар мен құқық қорғау органдары алдында қойылған міндеттерден, 100 қадамның ішінен 19-ы соттарға қатысты, бүгінгі күні оның 13 қадамы ғана орындалған, қалғаны соңына дейін орындалмаған.

Президенттің айтуы бойынша, Ұлт жоспарының толық іске асырылуы ел азаматтарының соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауын түбегейлі жақсартуға әкелуі тиіс, осы баға қоғамның судьялардың жұмысына және жауапкершілік шараларына сенімі дәрежесін анықтайтын болады. «Ұлттық сот жүйесінің көзделген міндеттерін шешуге ерекше рөл бөлінеді. Қоғам қазақстандық заң бұлжытпай орындалатынын, ал соттар заңдылық пен әділдікті қорғайтынын білуі тиіс», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда. Оған 600-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысуда. Еске сала кетейік, тәуелсіздік жылдары ішінде алты съезд өткен. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика