«Жоғарғы сот Ұлт жоспарының оған жүктелген барлық 10 қадамын орындады. Одан басқа, 6-съезде қабылданған барлық қаулылар іске асырылды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, қоғамда заңдардың жұмыс істеп жатқанына, адам өз құқықтарын қорғай алатынына сенімділік нығаюда. Қазақстандық сот жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес дамып келеді», - деп хабарлады ол.
Қ. Мәми Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 5 орынға жақсартып, 189 елдің арасынан 9-орын алғанын атап өтті.
«Қазақстандық сот корпусының қоғамдағы беделін БҰҰ бағдарламасымен жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері растайды – сұралғандардың 71,3%-ы судьялардың жұмысына қанағаттанатынын білдірді, бұл еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады», - деп қосты Қ. Мәми.