Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Назарбаев: Реформа мінсіз беделі бар судьялар корпусын қалыптастыруға әкелуі тиіс

Елде жүргізіліп жатқан реформа азаматтардың сөзсіз сенімін ақтайтын мінсіз беделі бар судьялар корпусын қалыптастыруға әкелуі тиіс. Бұл жөнінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында айтты.
Астана қаласы21 Қараша , 13:49

«Әдеттегідей ең негізгі мәселе лайықты судьялар корпусын қалыптастыру болып табылады. Әділ шешімді үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары моральдық қағидаттары бар мамандар шығаруы тиіс. Соттарда бірде-бір кездейсоқ адам болмауы тиіс. Біз оны жаңа заңда көрсетуге тырыстық. Қазірдің өзінде судьялар корпусын анағұрлым дайын тәжірибелі мамандар толықтыруда. Адамдар және кадрлар барлығын шешеді. Біз жүргізіп жатқан реформалардың негізгі мәні осыда», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп жатқан реформа «азаматтардың сөзсіз сенімін ақтайтын мінсіз беделі бар судьялар корпусын қалыптастыруға әкелуі тиіс» екенін атап өтті.

«Осы ретте мықты, болашағы бар заңгерлердің сот жүйесіне келуі үшін жол ашық болуы тиіс. Жоғарғы сот кеңесі осы маңызды міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге арналған», - деп қосты ҚР Президенті.

Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде, оған 600-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысуда. 




Яндекс.Метрика