Қазақстанның Тәуелсіздігі

Торонтода «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

Торонто университетінде Қазақстанның Канададағы Елшілігі Манк халықаралық қатынастар институтымен (Munk School of Global Affairs) бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы: жетістіктер, сын-тегеуріндер және болашақ» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Әлемде 21 Қараша, 14:58

ҚР СІМ хабарлағандай, «дөңгелек үстел» аясында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қарсаңында өткен жылы белгілі ғалым Дж. Треддениктің ағылшын тілінде шыққан «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстанды көптеген тарихи оқиғалар мен фактілерді сақтаған көне тарихы бар жас ел ретінде таныстырды.

Дипломат Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы туралы ерекше толық сипаттап берді.

Сондай-ақ К. Жигалов Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы негізгі жетістіктерін атап өтті, іс-шараға қатысушыларға Ұлт көшбасшысы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі басымдықтары мен маңызды халықаралық бастамалары туралы ақпарат берді. 

2017 жылы Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы ақпарат үлкен қызығушылық туғызды.

Канаданың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Маргарет Скок Қазақстан елшісінің елдің ядролық қарусыздандыру және оны таратпау процесіне қосқан айрықша үлесі туралы мәлімдемесімен келісті. Оның айтуы бойынша, Қазақстан бүгін, экономикалық қиын уақытта, басшылықтың бұрын қабылданған стратегиялық маңызды шешімдерінің жемісін көруде. 

Сессия барысында сөз сөйлеу қорытындылары бойынша Қазақстанның саяси және экономикалық дамуының әр түрлі мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. 





Яндекс.Метрика