Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанның сот билігі үздік әлемдік стандарттарды қабылдады – Назарбаев

Қазақстанда тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде күшті сот билігі қалыптасты, ол үздік шетелдік тәжірибе мен әлемдік стандарттарды қабылдап, жүргізіліп жатқан реформалар барысында сапалы жаңа көрініске ие болды, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.
Астана қаласы21 Қараша , 12:16

«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан халқының игілігіне едәуір жұмыс жүргізілді. Бүгін Қазақстан – әлемдік қоғам мойындаған, қалыптасқан және бәсекеге қабілетті мемлекет. Біздің жетістіктеріміздің бірі күшті сот билігі болып табылады. Реформаларымыздың алғашқы күндерінен бастап экономикада ілгерілеу бар екенін айтқан болатынмын, барлық жағдайлар жасалған, біз әлеуметтік саладағы халықтың әл-ауқатын жақсарттық, алайда, сот жүйесі жетілдірілмейінше,  біз реформалардың нәтижелеріне қанағаттана алмаймыз, сондықтан мемлекет, соның ішінде мен де сот жүйесіне көп көңіл бөлеміз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жүріп өткен жол жеңіл болған жоқ, ширек ғасыр бұрын Қазақстанда іс жүзінде құқықтық және әділ сот жүйесі болмаған еді.

Сонымен қатар, Президент бүгінгі таңда судьялардың қоғамдағы және мемлекеттегі беделі мен ықпалының едәуір өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстанда тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде күшті сот билігі қалыптасты, ол үздік шетелдік тәжірибе мен әлемдік стандарттарды қабылдап, жүргізіліп жатқан реформалар барысында сапалы жаңа көрініске ие болды. Өткен кезеңде сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында, сот жұмысының негізі, жаңа құқықтық база қалыптастырылды, жаңа ұйымдастырушылық шаралар өткізілді», - деді Мемлекет басшысы.

Атап өтейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ  халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика