Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Назарбаев: Кез келген сот реформасының мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі

Заң бұзылған жағдайда адам сотқа барып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алуы тиіс. Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.
Астана қаласы 21 Қараша, 11:57

«Заң бұзылған жағдайда адам сотқа барып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алуы тиіс. Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі. Демек, кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Ұлт жоспарында: бірінші – заманауи мемлекет және қызмет, екінші – заңның үстемдігі; үшінші – мемлекетіміздің біртұтастығы мен тұрақтылығы, төртінші – халыққа есеп беретін ашық үкімет қамтылғанын білесіздер. Халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметке тұрақты әрі әділ адамдар таңдалған», - деп қосты Н. Назарбаев.

Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ  халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда.

Съезд жұмысы басталар алдында Мемлекет басшысына электрондық әділет жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу тарихы туралы көрме таныстырылды. Ресми ашылуынан кейін қатысушыларға сот жүйесінің жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Сурет Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика