Инвестициялар

Е. Қайыров: ҚР-да чехиялық капиталдың қатысуымен 100-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

Қазақстан мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 272 млн АҚШ долларын құрады. Алайда, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров атап өткендей, қазақстандық-чехиялық бизнес-форум аясында осы әріптестік бар әлеуетке жауап бермейді.
Астана қаласы 21 Қараша, 11:16

«Елдер арасында өзара инвестицияларды көтермелеу туралы келісімге қол қойылып, олар қолданылып келеді. 2017 жылдан бастап ЭЫДҰ мүше барлық елдер үшін, соның ішінде Чехия үшін де визаларды алып тастау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда чехиялық капиталдың қатысуымен 100-ден астам бірлескен кәсіпорын белсенді жұмыс істеп келеді. Бізде белсенді жұмыстың анық мысалдары бар, ол Scoda-мен әріптестік. 2005 жылдан бастап Scoda маркасы бойынша өндіріс көлемі 300 млн доллардан астам сомаға 20 мыңға жуық автомобильді құраған», - деді Е. Қайыров.

Сонымен қатар вице-министр Қазақстан мен Чехия арасындағы әріптестік бар әлеуетке жауап бермейтінін атап өтті.

«2015 жылы біздің елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы не бары 272 млн АҚШ долларын құраған, сондықтан біз Чехия Республикасымен экономикалық әріптестікті дамытуды жалғастырмақпыз. Осы мақсаттарда ҚР Үкіметі инвестициялық климатты жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деп қосты Е. Қайыров.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика