Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада Н. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VII съезі өтуде (ФОТО)

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі басталды.
Астана қаласы21 Қараша , 11:04

Съезд жұмысына судьялар корпусы, парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда.

Ресей, Қытай, Қырғызстан, Корея, БАӘ, Мажарстан, Сингапур және Беларусьтің жоғарғы сот төрағалары, сондай-ақ Халықаралық судьялар қауымдастықтарының басшылары мен өкілдері және т.б. съез қатысушыларына өздерінің құттықтау сөздерін жолдады.

Съезд жұмысы басталар алдында Мемлекет басшысына электрондық әділет жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу тарихы туралы көрме таныстырылады.

Ресми ашылуынан кейін қатысушыларға сот жүйесінің жетістіктері туралы деректі фильм көрсетіледі.

Одан әрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі күтіледі. Мемлекет басшысы сот жүйесінің соңғы жылдар ішіндегі дамуын қорытындылайды.

Еске сала кетейік, тәуелсіздік жылдары ішінде алты съезд өткен. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.

Фото Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика