Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда 2017 жылы үш тұрғын үй кешені салынбақ

Алматыда Қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында салынатын үш тұрғын үй кешенінің тұжырымдамалық жобалары бекітілді.
Алматы қаласы21 Қараша , 18:32

Мысалы, Алмалы ауданындағы Абай және Манас көшелерінің бұрышына төртінші сыныпты, 500 орынды екі бала бақшасы, бірінші қабатында коммерциялық орындары бар 14-16 қабатты тұрғын үй салынады. Сейсмикалық қуаты 9 баллдық. Үй тұрғындарына қолайлы болу үшін аулада көлік қоюды қажетсінбейтін 1860 орынды көлік тұрағы болады. Бұдан өзге құрылысшы компания аудандағы мектеп тапшылығын ескеріп, өз қаржысына мектеп жанынан қосымша 300 орынды қосалқы нысан да салады.

Тағы бір бекітілген эскизді жоба - Медеу ауданында бой көтеретін, Әл – Фараби даңғылының оңтүстік-шығысы мен Есентай өзенінің батысына қарай салынатын мектепке дейінгі мекемелері, қонақ үй кешені, офистік нысаны болатын көпфункционалды тұрғын үй кешені. Бұл тұрғын үй кешені үш қабатты көппәтерлерден, 1330 пәтерлі коттедждерден, 120 және 140 орынды бала бақшалдардан, оның біреуі кейін қала меншігіне беріледі, 115-120 орынды екі кісілік мейманханадан, сауда-мейрамхана кешендерінен тұрады. Мұнда пазл типтегі 2100м/орынды автоматты бес деңгейлі көлік тұрағы, 3186м/ орынды көлік тұрағы, орталық көше жағында 450м/ орынды жер асты көлік тұрағы болады.

Отырыс барысында Бостандық ауданындағы Абай даңғылының оңтүстігі мен Розыбақиев көшесінің батысына қарай салынатын 9 қабатты үй құрылысының жобасы да мақұлданды. Мұнда 832 пәтер, 837 орынды көлік тұрағы, 110 орынды екі бала бақша, кейін бұлар қала меншігіне өтеді, салынады. Атап өтерлік жайт, бұл тұрғын үй кешені қаланың орталығында, метроның Алатау және Сайран бекеттеріне жақын маңда бой көтереді.

Құрылыс жұмыстары барысында 2 236 жаңа жұмыс орны құрылады, кейін 462 тұрақты жұмыс орындары қамтамасыз етіледі. Бұлардан өзге, 4 мың пәтер,8 мыңнан аса көлік тұрағы, 6 балалар бақшалары, мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысан салынады. Құрылыс алаңдарының көлемі - 179 148 м 2, көгалдандыру алаңы 207 315 м 2.




Яндекс.Метрика