Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

А.Шпекбаев: ҚР-да соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылды

Қазақстанда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылды, осының нәтижесінде әкімшілік кедергілер едәуір қысқарды, деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының белсенділеріне Қазақстанның қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын таныстыру барысында.
Жамбыл21 Қараша , 10:36

Агенттіктің таныстыруы барысында елде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясат аспектілері ғана қозғалып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалық құжаттар енгізу нәтижелері де көрсетілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.  

«Қазақстанда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылды, осының нәтижесінде әкімшілік кедергілер едәуір қысқарды, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларын жүзеге асыруда көптеген қадамдар жасалуда», - деді спикер.

Сөз сөйлеу барысында мемлекеттік қызмет саласы бойынша да және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бөлігінде де ашық статистика келтірілді.

Агенттік 10 ай ішінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан 1500-ден астам этикалық және тәртіп бұзушылықтары анықтағаны атап өтілді, оның 350-ден астамы тиісті жазасын алған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын анықтау үшін 8 министрлік пен 4 комитеттің қызметі тексерілді, нәтижесінде 600 бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ, жиынға жиналған мемлекеттік қызметшілерге қарапайым сыйлықтың да сыбайластыққа жетелейтіні де айтып өтілді.




Яндекс.Метрика