Инвестициялар

БҚО негізгі капиталына инвестициялар көлемі 299,5 млрд теңгені құрады

Батыс Қазақстан облысының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында 299,5 млрд теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 118,6% құрады.
Батыс Қазақстан21 Қараша , 10:17

Батыс Қазақстанда инвестициялардың технологиялық құрылымында 37,9%-ды – ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 34,5%-ды – машиналар, жабдық, құралдар, мүліктер, 27,6%-ды басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.

Одан басқа, өңірдің статистика департаментінің ақпараты бойынша, 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында инвестициялық салымдардың 82,5%-ы – өнеркәсіпке, 6,1%-ы – жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға, 5,6%-ы көлік және қаттауға бағытталған. 




Яндекс.Метрика