Өңірлер

СҚО-да жыл басынан бері 682 пәтер пайдалануға берілген

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 682 пәтер пайдалануға берілген, бұл 115,5% құрайды, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан21 Қараша , 09:58

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысына 10 388,4 млн теңге бағытталған.

Ағымдағы жылы облыстың тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі өскен. 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында тұрғын үй құрылысына 10 388,4 млн теңге немесе 2015 жылдың қаңтар-қазан кезеңімен салыстырғанда 197,1% бағытталған.

Облыста жыл басынан бері жалпы ауданы 84 482 шаршы метр 682 пәтер пайдалануға берілген, бұл 2015 жылдың қаңтар-қазан кезеңімен салыстырғанда 115,5% құрайды. Тұрғын үйдің едәуір үлесі (68%) халық қаражаты есебінен енгізілген. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 6 674 шаршы метр 75 пәтер пайдалануға берілген, сондай-ақ «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ауданы  19 599 шаршы метр 220 пәтер тапсырылған.

Осы ретте, ауылды жерлерде 10 ай ішінде жалпы ауданы 31 987 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген.




Яндекс.Метрика