Евразиялық одақ

ЕАЭО мемлекеттері ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы тәсілдерді жақындатуда

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанындағы Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ауыл шаруашылығы үшін машиналар мен жабдық өндіру саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі нақты іс-шараларды көздейтін актілерінің жобаларын мақұлдады.
Әлемде21 Қараша , 09:36

Атап айтқанда, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Одақ мемлекеттерінде өндірілмейтін ауыл шаруашылығы техникасына арналған жиынтықтаушы бөлшектердің өндірісін ұйымдастыру туралы өкімдері туралы сөз қозғалып отыр, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінің ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдыққа сұранысты ынталандыру жөніндегі шаралар туралы ұсынымдары және мұндай техниканы өндірудің экономикалық тиімділігінің критерийлерін айқындайтын құжатқа қосымша мақұлданды.

Отырыс қорытындылары бойынша ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев актілерді іске асыру жөніндегі мәселелерді одан әрі талқылау Комитеттің жанынан құрылған ауыл шаруашылығы машина жасау саласындағы сараптамалық топ аясында өтетінін хабарлады. 




Яндекс.Метрика