Басқару

Н.Ермекбаев Нұр-Мүбарак университетінің жұмысын оң бағалады

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениетінің университетінде болды.
Алматы қаласы 21 Қараша, 09:17

Аталмыш жоғары оқу орны басшылығымен өткен келіссөздер барысында діни саладағы кәсіби отандық мамандарды даярлаудағы әрі қарай жалғасатын өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Министр Н.Ермекбаев ұстаздар мен оқытушылар құрамымен кездесуде «Нұр-Мүбарак» университетінің ағымдағы жұмысына оң баға бере отырып, оның қызметіне алдағы уақытта да қолдау көрсететінін атап өтті. 

Сондай-ақ министр оқу корпустары мен студенттік жатақхана ғимаратын аралап шықты. 





Яндекс.Метрика