Адами капитал

Астанада алғаш рет Кәсіпкер әйелдер күні атап өтілуде

Қазақстан алғаш рет Women's Entrepreneurship Day (WED) кәсіпкер әйелдерді қолдаудың жаһандық бастамасының бөлігіне айналды. Осыған байланысты, астанада Кәсіпкер әйелдер күні атап өтілді.
Астана қаласы19 Қараша , 12:46

«Кәсіпкер әйелдер күнін тойлау жөніндегі халықаралық ұйым кәсіпкер әйелдерді уәждемелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін 140-тан астам елде ресми өкілдерін тағайындады. Бұл күні 144 елде, 110 университетте кәсіпкер әйелдерді құттықтау бойынша іс-шаралар бір мезгілде өтеді. Қазақстан осы бастамаға алғаш рет қосылып отыр және мен оның Қазақстандағы ресми өкілі болып табыламын. Біз кәсіпкер әйелдерді қолдау, жаңа идеялар бастау, жаңа бизнес ашу үшін оларға арналған алаң құру қажет деп шештік», - деді Women's Entrepreneurship Day Қазақстандағы ресми өкілі Мерей Мұстафина.

Оның айтуы бойынша, Кәсіпкер әйелдер күнін өткізу бастамасын «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі қолдады. Оның стратегиялық әріптесі Еуропалық қайта құру және даму банкі болып табылады.

Іс-шара қорытындылары бойынша, Қазақстанда әйелдер арасындағы кәсіпкерліктің дамуын қолдау үшін бірқатар бастамалар мен науқандар басталатынын айта кету керек.

«Осындай бірегей бастаманың бөлігі болу – біздің еліміз үшін, мен үшін үлкен қуаныш. Осы іс-шара идеяларды, мүмкіндіктерді іске асыру үшін бастама алаңына айналады деп сенемін», – деп атап өтті М. Мұстафина. 

Іс-шара барысында қатысушылар ЕҚДБ, «Даму» КҚҚ, Қазақстандағы БҰҰҚК кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламаларын талқыламақ.

2015 жылы WED іс-шарасына әлем бойынша 35 000 қатысушы қатысқан. Осы жылы ұйымдастыру комитеті қатысушылар санын ұлғайтып, көшбасшы әйелдер арасынан сарапшылар тобын құруды жоспарлап отыр.

Анықтама үшін: Кәсіпкер әйелдер күні (WED) – әйелдерді қолдауға арналған кәсіпкерлік және қаржылық қолдау жөніндегі дүниежүзілік ауқымды бастама. 




Яндекс.Метрика