Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік корпорацияның консультативтік-кеңесші кеңесінде көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында консультативтік-кеңесші кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Астана қаласы19 Қараша , 15:07

Консультативтік-кеңесші кеңес мемлекетттік корпорация көрсететін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды жетілдіру бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығын  және тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

Жиналыс барысында мемлекеттік корпорацияның стратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі саласы бойынша стандарттарға мұрағаттық құжаттарды сақтау мерзімін азайту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша көлік құралдарын тіркеу, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б. мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу  ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтік-кеңесші кеңес жұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестің мүшелері мемлекеттік корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарын айта алатын азаматтар болып табылады.

Консультативтік-кеңесші кеңес отырысы жылына кемінде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткізіліп тұратын болады.  




Яндекс.Метрика