Евразиялық одақ

ЕЭК өнім қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жасауда

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшелері техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылдады. Олар Одақ елдері өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әлемде19 Қараша , 11:32

Атап айтқанда, «Қаптама қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенті талаптарын сақтау үшін қажетті стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Алынып тасталған ұлттық стандарттардың орнына Тізбелерге елуден астам мемлекетаралық стандарттар енгізілген. Олар Комиссия бекіткен мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға сәйкес қабылданған. Олардың ішінде қаптаманың құрамынан формальдегид, ацетон және басқа зиянды заттарды анықтау әдістеріне арналған МЕМСТ бар, деп хабарлады ЕЭК.

Стандарттау бағдарламасына сәйкес, 2017 жылдың соңына дейін «Қаптама қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техрегламентіне ведомстволық әдістемелердің орнына тағы 24 мемлекетаралық стандарт әзірленіп, қабылданады.

Сондай-ақ, ЕЭК Алқасы «Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техрегламентінің өзгерістерін қолданысқа енгізу тәртібін айқындады. Түзетулер өнімнің осы құжат талаптарына сәйкестігін бағалау нысанының өзгеруіне қатысты.

Одан басқа, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін бірыңғай сәйкестікті бағалау құжаттарының нысандарын қабылдады.

Комиссия сарапшылары техникалық реттеу саласында қабылданған шешімдер ЕАЭО елдерінде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге оң ықпал етеді деп сенеді. 




Яндекс.Метрика