Үкімет

ҚР Үкіметінде Астанада «жасыл» технологиялар халықаралық орталығын құру мәселесі талқыланды

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Астана қаласы19 Қараша , 10:36

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының Іс-шара жоспарын орындау бойынша жұмыс топтарының есептері тыңдалды. ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.     

Сондай-ақ, Астанада «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың Халықаралық орталығын құру бойынша мәселе талқыланды. Тұжырымдамаға сәйкес, орталықтың негізгі міндеті Қазақстанның «жасыл экономикаға» тәжірибелік көшуіне жәрдемдесу, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық таза технологиялар сияқты «жасыл экономика» салаларын дамытуға қажетті тұрақты негізді қалыптастыруға қолдау көрсету, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Атап айтқанда, орталық «жасыл» технологиялар трансферті бойынша елдердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді.

Еске салсақ, ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылғы 26 мамырда құрылды. Кеңес төрағасы ҚР Премьер-Министрі болып табылады.




Яндекс.Метрика