Парламент

Сенат Спикері Израильдің және Жапонияның елшілерімен кездесті (ФОТО)

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродскийді қабылдады.
Астана қаласы 18 Қараша, 17:21

Спикер Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің желтоқсанда жоспарланған Қазақстанға алғашқы ресми сапарын атап өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ. Тоқаевтың айтуы бойынша, жоғары деңгейдегі алдағы келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады. Сенат басшысы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту туралы да айтып өтті.

Израиль елшісі Б. Нетаньяхудің сапары аясында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қоюға дайындық туралы ақпарат берді.  

Дәл осы күні Қ. Тоқаева Жапонияның елшісі Итиро Кавабатоймен де кездесті. Әңгіме барысында олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарашаның басында Жапонияға ресми сапарының үлкен жетістігін атап өтті. Қ. Тоқаев Токиода өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастық саласындағы нақты нәтижелерге әкелді деп санайды. 





Яндекс.Метрика