Халықаралық интеграция

Қазақстан және Финляндия парламентаралық қатынастарды кеңейтпек

Қазақстанның Хельсинкидегі елшілігінде Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Мұрат Нұртілеуов Финляндия Парламентінің бірінші вице-Спикері Маури Пеккариненмен кездесті.
Астана қаласы18 Қараша , 19:14

ҚР СІМ хабарлағандай, әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы парламенттік дипломатияның жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Елші М. Пеккариненді Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктері туралы ақпараттандырды.

Финляндияның озық тәжірибесін ескере отырып, М. Нұртілеуов «100 нақты қадам» ұлт жоспарының, «Нұрлы жол» жаңа инфрақұрылымдық саясатының және индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына фин бизнесінің қатысуын одан әрі кеңейтуге сенім білдірді.

Бұрын, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 2016 жылғы қазанда Финляндияға ресми сапары кезінде өткен келіссөздер екі ел арасындағы қатынастарда өзара мүдделілік пен іске асырылмаған әлеуеттің бар екенін растады.

Нәтижесінде, тараптар жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген келісушіліктерді ескере отырып, Қазақстан мен Финляндия арасындағы қатынастарды қарқындату жұмысын жалғастыру туралы келісті. 




Яндекс.Метрика