Өңірлер

ҚР фермерлері нарықтағы бағалар көтерілген жағдайда Азық-түлік корпорациясынан астықты қайта сатып ала алады

Азық-түлік корпорациясы оған астық сататын қазақстандық өнім берушілерге нарықтағы бағалар көтерілген жағдайда оны қайта сатып алу құқығын береді.
Астана қаласы18 Қараша , 18:57

Мұның алдында хабарланғандай, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 2016 жылғы 8 қыркүйекте EXW «Франко завод» (Инкотермс-2010) жеткізілімі фактісі бойынша ақы төлеу шартымен 3, 4 сыныпты бидай мен 2 сыныпты арпаны сатып алудың басталғаны туралы мәлімдеген болатын.

Жеткізіп беру фактісі бойынша ақы төлеу шартымен астықты сатып алу бағдарламасына қатысуына АӨК субъектілерінің қызығушылығын арттыру мақсатында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы нарықтық бағалар өскен жағдайда жеткізушілерге астықты қайта сатып алу құықығын ұсынады.

Осылайша, фермерлер қазіргі кезде Азық-түлік келісім щарт корпорациясының астығын сата алады және астыққа төленген ақшаны алып, қаржы институттары алдындағы өз міндеттемелеріне төлей алады, өйткені, несиелерді, лизингтерді және т.б. өтеу жөніндегі негізгі төлемдер жыл аяғына тура келеді.

Бұл ретте, 2017 жылдың бірінші тоқсанына қарай бағалар өскен жағдайда, фермерлер келесі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, Азық-түлік келісім шарт корпорациясына астықты сақтау, ақшалай қаражат тарту жөніндегі операциялық шығындарды, ҚҚС және Азық-түлік келісім шарт корпорациясына комиссиялық сыйақы төлеу арқылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан өз астығын сатып алу мүмкігдігіне ие болады, және өз астығын нарықта немесе нарықтық бағамен Азық-түлік келісім шарт корпорациясына сата алады.

Бағдарламаға қатысу өтінімдері Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қабылданады.  

 




Яндекс.Метрика