Экономика

АРАЗ рельстерді экспортқа алғаш жеткізуді бастады

2016 жылғы маусымда пайдалануға берілген Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өз өнімін экспортқа алғаш жеткізуді бастады
Астана қаласы18 Қараша , 20:23

Ағымдағы жылғы 09 қарашадағы жағдай бойынша «Узбекистон темир йуллари» АҚ (Өзбек темір жолдары) мекен-жайына ағымдағы жылдың соңына дейін Өзбекстанға жеткізу жоспарланған 5 000 тоннадан 330,8 тонна жөнелтілді. Алдында, қазан айында, зауыт 280,6 тонна көлемінде Ресейге - «Лебединский ГОК» АҚ мекен-жайына рельстердің алғашқы партиясын жөнелтті, деп хабарлады Қазақстанның даму банкі баспасөз қызметі.  

2016 жылдың қорытындысы бойынша АРАЗ 80 000 тоннаға дейін өндіруді жоспарлауда, олардың 90% астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, қалған көлемі – қазақстандық пайдаланушыларға және көршілес елдерге экпортқа жеткізіледі.

АРАЗ – Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағындағы ұзақ өлшемді (120 м) термонығайтылған теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. АРАЗ құрылысы 2013 жылдың сәуір айында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70% дейін ҚДБ тарапынан ұсынылды.

АРАЗ илемдік орнағының жобалық қуаттылығы жылына 430 000 тонна прокатты құрайды, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельс, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер.  
 




Яндекс.Метрика