Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстанда 2016 жылдың 9 айы ішінде 9 134 мың тонна мұнай өндірілген

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 9 134 мың тонна мұнай өндірген, осы ретте таза пайда 76 млрд теңгені құраған, деп хабарлады ҚазМұнайГаз.
Казахстан19 Қараша , 10:03

«2016 жылдың алғашқы тоғыз айында түсім 515 млрд. теңгені (1 496 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ға жоғары. Табыс көлемінің өсуі негізінен мұнай процессингі схемасына ауысуына және Брент бағасының 24%-ға төмендеуімен ішінара өтелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 76%-ға артуына байланысты», - делінген хабарламада.

Осы ретте, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында таза пайда 76 млрд теңгені (220 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағындары 108 млрд. теңгені (314 млн АҚШ доллары) құрады.

2016 жылғы 30 қыркүйекте таза ақша қаражатының сомасы 1 145 млрд теңгені (3,4 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың 30 маусымдағы таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда 81 млрд. теңгеге көп.

ҚМГ БӨ ақпараты бойынша, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірілді, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстарғанда 1,2 %-ға кем.




Яндекс.Метрика