Өңірлер

ШҚО-да 139 млрд теңгеге 22 МЖӘ жобасы іске асырылуда

Шығыс Қазақстан облысында 139 млрд теңгеге 22 МЖӘ жобасы іске асырылуда.
Шығыс Қазақстан19 Қараша , 11:04

Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін концессия шарты шеңберінде көп бейінді ауруханалар салу жоспарлануда. 

ШҚО ақпарат орталығында 300 орынға арналған көп бейінді аурухана салу Өскемен үшін денсаулық сақтау саласындағы маңызды жоба болып табылатыны хабарланды. Қажетті салымдар көлемі 34,9 млрд теңгені құрайды. 2016 жылғы желтоқсанда мемлекеттік сараптамадан кейін концессионер анықтауға арналған конкурс жарияланады. Жобаны іске асыруға қазір 11 компания қызығушылық танытқаны белгілі.

Семей қаласы үшін 200 орынға арналған аурухана жаңа әлеуметтік нысанға айналады. Жобаның құны 16,2 млрд теңгені құрайды. Концессионерді анықтауға арналған конкурс 2017 жылғы 1-тоқсанда өтеді деп күтілуде. Осы жобаға 10 компания қызығушылық танытты.

Жалпы, облыста 139 млрд теңге жалпы сомасына 22 МЖӘ жобасы іске асырылуда. 




Яндекс.Метрика