Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жамбыл облысында 12 медиация кабинеті ашылды

Жамбыл облысында 12 медиация кабинеті ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Жамбыл18 Қараша , 15:37

Медиация орталығы «Бітімгер» медиация және құқық орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізеді, ағымдағы жыл басынан бері бірлескен 13 шара өткізілді.

М.Қожаеваның мәліметіне сүйенсек, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облыстық соты және «Бітімгер» медиация және құқық орталығы арасында бітімгершілік процедурасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған. Меморандумның мақсаты – дау-тартыстың деңгейін төмендетіп, қолайлы құқықтық орта құруға себепші болатын, дауды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік процедурасын қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту және белсенді түрде енгізу.

Жыл басынан бері 6 қайырымдылық шарасы, оның ішінде 3 қайырымдылық концерті, 2 «Жақсылық жаса» және «Шын жүректен» қайырымдылық акциялары және Жуалы, Меркі, Қордай және Шу аудандарында «Қайырымдылық керуені» өтті.

Сонымен қатар, «Парасат» колледжінің басшылығы облыс аудандарындағы орта мектептердің аз қамтылған отбасыларының 9-11 сынып оқушыларына 2016-2017 оқу жылына 10 білім грантын бөлді,- деп мәлімдеді спикер.




Яндекс.Метрика