Ұлтаралық бірлік

«Үлкен Ел –Үлкен Отбасы» жобасына 55 мың жамбылдық қатысты

Ағымдағы жылы «Үлкен Ел –Үлкен Отбасы» жобасы аясында 110-нан астам іс-шара өткізілді, деп хабарлады Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Жамбыл18 Қараша , 20:41

Оның ақпараты бойынша Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, 2016 жылдың 12 қаңтарында облысымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова мен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары–хатшылық меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың қатысуымен өткен аймақтық ассамблеяның «Үлкен ел – үлкен отбасы» форумында ресми бастау алған«Үлкен Ел -Үлкен Отбасы» жалпыұлттық  кең  көлемді акциясы аясында жыл басынан бері мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 312 мыңнан аса адам қамтылды.

Ағымдағы жылғы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілуде. Іс-шаралардың барлығы облыстағы этномәдени бірлестіктердің және әр алуан этнос өкілдерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырылуда.

«Біз достығымызбен күштіміз» тақырыбында өткен осы кезеңдегі халықтық қолданбалы қол өнер көрмесі, «Жеңістеріңізге рахмет» акциясы, «Азаматтық татулық пен келісім – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси реформаларды табысты жүзеге асырудың басты шарты» тақырыбында  өткен ғылыми-тәжірибелік  конференция, ЭМБ арасында өткен Қазақстан халықтары ойындарының спартакиадасы,Талас ауданының «Жұрындысай», Сарысу ауданының «Жұлдыз» және Т.Рысқұлов ауданының «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерінде «Біз қазақстандықтар – ұлы даланың балаларымыз» тақырыбында өткен шаралар, «Бірдейміз–Біргеміз» атты акция, «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында өткен облыстық отбасылық байқауы, «Тіл – татулық тірегі» фестивалі, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» патриоттық әндер байқауы және т.б. 




Яндекс.Метрика