Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: Ядролық қаруды иемдену моральдық тұрғыда ақталмаған

Ядролық қаруды иемдену моральдық тұрғыда ақталмаған, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 16:02

«Жапонияға барған сапарым барысында, 1945 жылы ядролық атқылауға душар болған қалаларға арнайы ат басын бұрдым. Ядролық қаруды қолдану ғана емес, оны иемдену  моральдық тұрғыда ақталмағанына көзім жетті. Адамдарды бұқаралық қырып-жою көрінісін барлық саясаткерлер Хиросимаға келіп көруі керек.Бұл бүгінгі сияқты ірі қару болған жоқ. Небәрі  1 кг уран ғана жарылды. Ал қазір осындай жарылыс болса ше? Сондықтан да Қазақстан БҰҰ ядролық қарудан бас тарту бойынша әлемді қалыптастыру декларациясын ұсынды», - деді Елбасы.

Отырысқа қатысушыларға қарата отырып, Елбасы биыл  Семей ядролық полигонының жабылғанына  25 жыл толғанын айтты. Президент айтып өткендей, аталмыш қадам ядролық қарусызданудағы ең ірі әрі нақты шешім болып отыр.

«Қазақстан – өз еркімен  әлемдегі ең ірі полигонның бірін  жапқан алғашқы мемлекет. Өзге ядролық қаруы бар елдер әлі де  үнсіз. Бірақ, олар жабық. Қазақстанда ядролық әрекеттің бағасын жақсы біледі. Ол ядролық қарудың құрбаны болған жүздеген адамдардың өмірімен есептеледі. 1,5 млн азаматымыз радиацияға душар болды, үшінші ұрпақ әлі күнге дейін қасіретін көріп келеді. Сондықтан біз аймағымыздағы ядролық қарудан бас тартып, ядролық қарусыз ел атағын алдық», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астана клубы – халықаралық пікірталас алаңы,  ол 2015 жылы Тұңғыш Президент қорының  жетекші халықаралық ғылыми орталықтардың бірігуімен құрылған болатын. Ең алғашқы отырыс  2015 жылдың қарашасында өтті, шараға  15 елдің  47 сарапшысы қатысты. 




Яндекс.Метрика