«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

ҚР-да соңғы 3 жыл ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны екі есеге өсті – А. Сәрінжіпов

ҚР-да соңғы 3 жыл ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны екі есеге өсті . Бұл туралы бүгiн парламент Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов мәлім етті, деп хабарлады.
Нұр-Сұлтан09 Желтоксан , 12:08

«Ел Президентiнiң мектепке дейiнгi оқыту саласында қойған мақсаты - балаларды балабақшамен толық қамту. Бүгiнде республикада мектепке дейiнгi ұйымға орналасуға 458 мың өтiнiш тiркелген», - деді А. Сәрінжіпов.

Бас ұстаз оның iшiнде 3-6 жас аралығындағы балалар саны  200 мың екендігін атап өтті.

«Сонымен қатар, министрлiк әкiмдiктер арасындағы меморандум шеңберiнде жекелеген аймақтарда қажеттiлiгiне қарай республикалық бюджет есебiнен балабақшалар салу мәселесiн көтеретiн боламыз», - дедi министр.

Сондай-ақ, 2014 жылы балалардың ерте жетілуінің хал-ахуалы құрастырылады.  Мектеп дейін білім беру ұйымдарына жаңа жүйе енгізіледі. Ол балалардың ерте кезден бастап біліктілікке үйренуін қамтамасыз етеді.

Министрдің айтуынша, 2020 жылға қарсы Қазақстанда 82 мың балабақшаның құрылысы жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика