Инфрақұрылымды дамыту

«Бозай-Шымкент» газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін газбен жабдықтау мәселесін шешеді

«Бозай-Шымкент» газ құбыры учаскесін іске қосу биылдың өзінде Қазақстанның оңтүстігін көгілдір отынмен жабдықтау мәселесін шешеді, деді бүгін ҚР Премьер-Министрі Серик Ахметов Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде.
Оңтүстік Қазақстан28 Қаңтар , 00:00

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай, биылғы жылы Бейнеу-Бозай-Шымкент газ құбырының бірінші учаскесін іске қосу керек және  Бейнеу-Бозай екінші учаскесі бойынша оның құрылысына  2014 жылы емес, 2013 жылы кірісу үшін барлық дайындық жұмыстарын аяқтау қажет», - деп атап айтты С.Ахметов.

 ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, газ саласының негізгі міндеті еліміздің тұтынушыларын газбен тұрақты әрі үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

«Еліміздің оңтүстік өңірлері ортаазиялық газға тәуелді екенін білеміз. «Бозай-Шымкент» газ құбырын салу биылдың өзінде еліміздің оңтүстігінде газ болуын қамтамасыз етеді, бұл біздің тұтынушыларымыз үшін өте маңызды. Еліміздің көптеген тұрғындары көгілдір отын жеткізілетін күнді асыға күтуде», - деп баса айтты С.Ахметов.




Яндекс.Метрика