Қазақстанның Тәуелсіздігі

Қазақстан 25 жыл ішінде көпұлтты қоғамда тұрақтылықты сақтап қалды – сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстан 25 жыл ішінде көпұлтты қоғамда тұрақтылықты сақтап қалды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Татар-башқұрт этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Земфира Низамутдинова.
Астана қаласы 08 Қараша, 15:34

«Қазақстан 25 жыл ішінде белсенді түрде жаңа технологиялар мен инновацияларды  дамытып, жас мамандарға  баса назар аударып жатыр. Мемлекет  көпұлтты қоғамда   тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ақ,  елдің  әлемдік қауымдастық пен ішкі саясатын құрметтеген жөн», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанды заманауи саяси әлемнің беделді қатысушы ретінде қабылдайды.  Қазақстан тек бастамаларды ұсынып қана қоймай,  маңызды жобалардың  жүзеге асырылуына қатысатындығын айтты.

Сондай-ақ, сарапшы айтып өткендей, Қазақстан  130 ұлттың өкілі бірлік пен тұрақтылықта өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет болып есептеледі. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей интститут та жұмыс істеп жатыр.

«Ассамблеяда  қазақстандықтар үшін толағай  табыстар ұсынылады, себебі біз қазақстандықпыз, әркім өзінің шығу тегін, дәстүрін білуі керек, бірақ Қазақстан көпұлтты отбасылар өмір сүретін, барлық ұлттық басын қосқан киелі мекен», - деді ол.

Индира Кауметова

Бейне:  Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика