Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Инвестициялық әділеттілік ҚР-дағы бизнес ахуалды әлемдегі ең тартымдылардың біріне айналдырады – сарапшы (БЕЙНЕ)

Инвестициялық әділеттілік ҚР-дағы бизнес ахуалды әлемдегі ең тартымдыға айналдырады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Жоғарғы сот судьясы Нұржан Жолдасбеков.
Астана қаласы 07 Қараша, 09:54

« Ұлт жоспары «100 нақты қадам»  бойынша инвестициялық дау  саласында   жеке сот  ісін жүргізу  құрылған болатын, жыл басынан бері  Жоғарғы сотта   мамандандырылған сот ұжымы ірі инвесторлар арасындағы  инвестициялық дауларды қарастырады», - деді ол.

Судьяның айтуынша, аталған мамандандырылған ұжым  келіп түскен істерді қарастырады. «Заң төрелігі»  бағыты бойынша реформа  Қазақстандағы сот жүйесін  кәсіптік, ашық және  гуманистікке айналдырады. Жеке шараларға қатысты   сот процедуралары   жылдам жүзеге асырады. Сот жүйесінің  жүйесі  қоғам үшін ашық әрі әділ болады. Инвестициялық әділеттілік және халықаралық арбитраждық    орталық  Қазақстанда бизнес ахуалды  әлемдегі ең тартымдылардың бірі етпек.

«Биылғы жылдың  8 айында инвестициялық дау  дау бойынша  63 өтініш келіп түсті. Астананың соты  инвестициялық даудан шығатын   өзге дауларды қарайды, оған 308 өтініш келіп түскен», - деді ол.

Айта кетейік, Инвестициялық келісімшарттар ретінде, немесе инвестицияны жүзеге асырумен байланысты басқа да шарттар, оның ішінде  концессиялық шарттар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары ретінде рәсімделген инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелер (инвестицияны жүзеге асыру шарты).Бұл ретте инвестицияны жүзеге асыру шарты әртүрлі атау білдіруі немесе атаусыз болуы мүмкін, бірақ негізгі айыру белгілері болуы қажет: шарт нысаны (инвестициялау объекті), салым мөлшері, сонымен қатар шарттың үлгісіне қойылатын басқа да елеулі талаптар.  

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика