ҚР Президентінің Жолдауы

М. Трифонов: Ресей қазақстандық фермерлердің жылқы етін өндіру бойынша тәжірибесін қабылдауға дайын (БЕЙНЕ)

Мал шаруашылығы саласындағы ресейлік мамандар қазақстандық фермерлерден жылқы етін өндіру бойынша тәжірибесін қабылдай алады, деді Ресей Федерациясының федералды мемлекеттік ет өнеркәсібі институты оқу орталығының басшысы Михаил Трифонов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында.
Астана қаласы 07 Қараша, 12:18

«Қазақстанда халал өнімінің өндірісін көріп отырмыз, бұл жылқы етінің ұлттық өнімдері өндірісімен байланысты, себебі бізде бұл бағытқа мемлекеттік деңгейде аз көңіл бөлінеді, сондықтан осы бағытта біз тәжірибе ала аламыз», - деді сарапшы.

Шақырылған қонақ атап өткендей, жылқы еті – табиғаттағы ең таза ет, ол гипоаллергенді, сондай-ақ жылқы еті диеталық өнім және ақуыздың көп мөлшерін қамтиды. Егер сиыр еті адам ағзасында толығымен 24 сағат ішінде таралса, жылқы еті 3 сағатта таралады. Қазақстан жылқы етін өндіру бойынша әлемде үшінші орын алады. Жылқы етінің әлемдік өндірісі 1 035 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте 143 мың тоннаны құрайтын өндіріс көлемімен Мексика – бірінші орынды, Қытай – екінші орынды (126 мың тонна) және Қазақстан үшінші орынды (114 мың тонна) алады.

Сарапшының айтуы бойынша, жылқы етінің халық басына шаққандағы әлемдік тұтынылуы қой етімен бір деңгейде.  

Қазақстанда қазіргі уақытта 1,5 миллионнан астам жылқы басы бар екенін, атап өтейік. Оның жыл сайынғы өсімі 4 пайыздан 8 пайызға дейін құрайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Индира Қауметова

Бейне Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика